Солтүстік Қазақстанда орманды аумақта өрт шықты

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Жаңалық ауылының маңындағы ашық аумақта құрғақ шөптің жануынан басталған өрт жақын жердегі орман шаруашылығына таралған,-деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау 7,7 гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру жұмыстары қатты, екпінді желдің салдарынан қиындады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды.

Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнынан департаменттің дағдарыс орталығына бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,-делінген СҚО ТЖД таратқан мәліметте

Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика