Астанада 3 бала көз жұмған өртті сөндіруге келген көлікті өткізбеген көлік иесі жауапқа тартылды

Астанада пәтерде болған өрттен үш бала қаза тапқан «Көркем-3» тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіруге келген өрт сөндіру көлігінің жолына көлігін қойып кеткен азаматқа айыппұл салынды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Б9л туралы елорда полиция департаменті мәлімдеді.

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт фактісі бойынша ереже бұза отырып қойылған көлік құралы оқиға орнынан дереу алынды. Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін бұзушылықтардың жолы қатаң кесіледі, — делінген Астана қалалық полиция департаменті берген ақпаратта. 

Еске салсақ, өрт 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. Қазіргі таңда марқұм балалардың анасы да ауыр халде ауруханада жатқандығы жарияланған болатын.

Фото көзі: newtimes.kz

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика