Биыл елдегі дәрі бағасы 5-тен 30 пайызға дейін төмендейді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Жандос Әділхан айтты,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Министрлік дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру механизмін қайта қарап, артық үстемақыларды алып тастау арқылы осындай нәтижеге қол жеткізген көрінеді. 1 шілдеге дейін дәріханаларда препараттардың жаңа бағасын көреміз деген жоспар бар. 5-тен 30 пайызға дейін төмендейді, — дейді ведомство өкілі.