Путин соғысты аяқтауға дайын емес

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейден көңілі қалды. 

Ақ үй басшысы Ватиканға барған сапарынан кейін осындай ой түйген. Рим папасының жерлеуіне арнайы қатысқан ол рәсім алдында Владимир Зеленскиймен де кездесіп үлгерді. Бұл ақпан айындағы Ақ үйдегі жанжалдан кейінгі алғашқы бетпе-бет жүздесу болды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Трамп бұл жолғы кездесудің сәтті болғанын жазды. Оның нәтижесі алдағы аптада мәлім болатынын алға тартты. Бұған дейін Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың Ресей-Украина келіссөздерінен шығатынын тағы да хабарлады. Нақты шешім алдағы бірнеше күн ішінде қабылдануы тиіс.