Елімізде жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында елімізде жақын арада жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау күні белгілі болатынын айтты,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Президент өз сөзінде еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылып жатқанын айта келе, алдағы уақытта осы жұмысты тоқтатпай, тек алға қарай жүруіміз керек екеніне тоқталды.

Бұл ретте қазіргі кезеңде біз жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихаттардың сайлауын өткізу қажет екендігін алға тартты.

Мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда айқындалған мерзімге дейін сақталады. Дегенмен олардың көпшілігі «Amanat» партиясының атынан сайланды. Бүгінде бұл саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылып, өз қызметін тоқтатты. Жақында тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталады. Сол кезде мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды. Жалпы, жергілікті депутаттар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғайды, бюджетті бекітеді және басқа да міндеттерді орындайды, — деді Президент.  

Жергілікті мәслихат туралы ойын жалғай келе Президент, жақын арада тиісті Жарлыққа қол қоятынын айтты.

Бір сөзбен айтқанда, елді-мекендерді өркендету ісіне белсене атсалысады. Демек, өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек. Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби корпусын қалыптастыруға жол ашып, оның жұмысына тың серпін береді.   Осы сайлаудың жоғары деңгейде және сапалы өтуіне сіздер де мол үлес қосасыздар деп сенемін,-деп ойын аяқтады Қ. Тоқаев.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика