Зеленский Путинге атысты тоқтатудың жаңа форматын ұсынды

Украина президенті көтерген жаңа бастама 30 күндік бітім аясында азаматтық инфрақұрылымды зымыранмен, сондай-ақ ұзақ қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтармен соққы беруді тоқтату. Зеленский бұл туралы өз ойымен телеграм желісінде бөлісті,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұған дейін қос тарап Пасха мейрамына орай қанды қырғынды бір күнге тоқтатқан болатын. Араға үш жыл салып кеше түнде Украина аспанында тыныштық орнады.

Десе де, Зеленский Мәскеудің уақытша келісімді 2 мың рет бұзғанын мәлімдеді. Кремльде Киевті дәл солай айыптады. Енді Украина Президенті қарымта соққы бермей, екіжақты бітімге ұмтылатынын жеткізді.