Астана әкімдігі гейлер арасында Вич инфекциясы таралмауы үшін 15 миллион теңге бөлді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ. Яғни, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге әуес ерлерге иммун тапшылығы вирусы мен өзге де инфекциялар жайлы ақпарат беріледі. Медициналық көмек ұсынылады. Сондай-ақ оларға шұғыл тестілеуден өтуге мүміндік беріледі.
«Биыл, яғни 2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен аутрич қызметкерледің жалақысы» дейді Астана қаласы АИТВ инфекциясын алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.