Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай» тас жолын су шайып кетті,-деп хабарлайды JurtMedia.kz.
Салдарынан ескертуді елемей өткен көлікті тасқын су жол жиегіне ағызып әкетіп, көлік жүргізушісі қайтыс болды. Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасыды. Салдарынан ескі Колутон ауылын су басқан. Қарғын су көшеге жайылғанымен, тұрғын үйлердің ішіне кірмеген
– делінген ТЖД хабарламасында.
Қазір 1000-нан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылған. Ауылдан 21 адам эвакуацияланып, 100-ден аса ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалған.