Бас прокуратура Мәжілістің бұрынғы спикері болған Нұрлан Нығматулиннің туған ағасы Арғын Нығматулинге қандай айыптар тағылып іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Басқадағалаушы органның дерегінше А.Нығматулин Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінген. Сонымен қатар прокуратура осы іс бойынша экс-спикердің ағасынан басқа бірнеше тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын жеткізді.
Алдын ала тергеу аясында А.Нығматулин күдікті деп танылып, сот санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланды», делінген дереекөздің хабарламасында.
Айта кетейік, күні кеше Антикор Арғын Нығматуллинге қөатысты оның дәл қазіргі уақытта ел аумағынан тыс жерде жүруіне байланысты халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеген еді.