Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомалар кезінде ірі буындарды эндопротездеу бойынша бірегей күрделі операциялар 2012 жылдан бері жасалады, деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Остеосаркома – сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қатерлі дерт көбіне 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ғылыми орталықта 13 жылда 100-ден астам балаға мега-эндопротездеу оталары жасалынды, бұл оталар балалардың аяқ-қолдарын сақтауға ғана мүмкіндік беріп қана қоймай, толыққанды өмір сүруге ықпал етті.
Қазақстан Республикасында жыл сайын остеосаркомамен шамамен 20-25 жасөспірім ауырады. Барлық остеосаркоманың 50%-дан астамы тізе буынына, 30% иық-буынына жақын орналасады.
Соңғы жылдары сүйек ісіктері кезінде жоғары мөлшерлі химиотерапияны енгізу арқасында басқа органдарға метастазданудың төмендеуі және өміршеңдік артты. Бұл өз кезегінде 90%-дан астам- зақымданған аяқтарды сақтауға мүмкіндік берді.
Елімізде Остеосаркомамен емдеудің жаңа әдістерін енгізу тиімділіктің әлемдік нәтижелеріне жақындауға мүмкіндік береді.
Орталық мамандарының айтуынша, заманауи модульдік эндопротездерді сатып алу мүмкіндігінің және қарқынды жоғары мөлшерлі химиотерапияны қолданудың арқасындадне мүшені сақтай отырып жаслатын оталарды жасаудың мүмкіндігі артқан. Сондай-ақ балалардағы остеосаркоманы біріктіріп емдеу нәтижелері де жақсарып келеді.
Атап айта кетер жағдай онкологиялық эндопротездер ортопедиялық протездерге ұқсас емес, ерекше мегапротездер. Қазіргі таңда хирургиялық емдеудің осы түрі остеосаркомаға шалдыққан балалардың 90%-дан астамына жасалынады. Ол өз кезегінде баланың әлеуметтік бейімделуі мен оның өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді» — дейді ауыр да, бірегей күрделі отаны жасайтын онкохирург, орталықтағы №2 хирургии бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер онколог, онкоортопед Бахрам Жұмадуллаев.
Сатисмтикаға сүйенсек, аяқ-қолды сақтай отырып емдеу аяқталғаннан кейін жалпы сауығып кету жағдайлары елімізде 71%-ды құрайды. Бұл нәтиже остеосаркоманы зерттеу жөніндегі халықаралық мультиорталықтар нәтижесінің деректерімен сай келеді.
Соңғы жылдары бойы қысқа кішкентай балаларға жеке дайындалған аз инвазивті ұзартқыш протездерді қолдану арқылы мүшелерді сақтау операциялары енгізілді.
Онкология саласындағы ең күрделі операция медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі негізінде тегін жасалады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында аяққа ғана емес, тізе, иық, жамбастың қатерлі ісіктеріне де оталар жасалады. Бірегей операциялардың нәтижесінде олардың өмір сүру сапасы да жақсарды. Бүгінгі күні олар өзге құрбы-құрдастарымен бірдей мектепке барып, университетте оқып, түрлі қызметтер де атқарып жүр. Тіпті, спортпен айналысып, жаттығу залдарына, бассейндерге барып белсенді өмір сүруде.
Осы нәтижелердің бәрі бізге, ең маңыздысы — жаңа емделіп жатқан науқастарға өмірге деген үлкен құлшыныс береді,- дейді орталық мамандары.