ақпарат ағыны

Үкімет қосымша құн салығын көтермекші

Үкімет Қазақстанда қосымша құн салығын (ҚҚС) көтеруді  ұсынып отыр, деп хабарлайды jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұндай мәлімдемені Прмьеер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Президентттің  төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Ол мұның себебін елдегі «даму  бюджетінің» жеткіліксіздігімен түсіндірді.

Негізгі салық ауыртпалығы жалақы қорына, демек, өзіндік құнға түседі. Өнім сөреге түспей тұрып-ақ кәсіпкер салықтың негізгі бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет жалақы қорына түсетін салмақты оны сатуға аудару арқылы азайтуды ұсынып отыр. Ол үшін жұмыс берушінің әлеуметтік жүктемесі мен міндетті зейнетақы төлемдерін азайта отырып, ҚҚС мөлшерін арттыру қажет», — дейді Премьер-министр. 

Оның айтуынша, бізде қазіргі таңда  даму бюджетінің» жеткілікті көлемі жоқ көрінеді.

Дамыған елдерде ол барлық мемлекеттік шығындардың 25 пайызын. Біздің елде бұл 8% құрайды. Республикалық бюджеттегі 26 триллионға жуық қаржының тек 2 триллион теңгесі ғана дамуға жұмсалады. Қалғаны – ағымдағы бюджет, оның қомақты бөлігін әлеуметтік шығындар құрайды. Экономикалық дамудың негізі болып табылатын салалар: электр және жылу энергетикасы, су шаруашылығы, газ тасымалдау жүйелері, жолдар, инженерлік желілер мен инфрақұрылымдар жеткіліксіз қаржыландырылуда. Даму институттары жеткілікті өтімділікпен қамтамасыз етілмеген. Мұндай жағдайда өсудің жоғары динамикасын сенімді түрде қамтамасыз ету өте қиын, — деді О. Бектенов

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Тоқаевтың өзі осыдан бір жыл бұрын үкіметтің кезекті отырысында ҚҚС реформа жасау қажеттігін айтқан болатын.

Фото: ғаламтордан