Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда жергілікті тұрғындар кешеден бері билікке наразылық шеруін өткізіп жатыр. Шерушілер алаңға «Үкімет отставкаға кетсін!» деген жазуы бар плакаттармен шықты,- деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпаратық-сараптамалық порталы.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, акцияны ұйымдастырушы – елдегі «Бостандық альянсы» партиясы.
Шерушілер негізінен ауаның ластануы мен салық саясаты және елдегі жұмыссыздыққа қарсы наразылық білдіріп жатыр. Шеру кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де басталған. Жиналғандар Сухэ-Батора алаңына жиналып, орталық даңғылды жауып тастады.
DW агенттігінің хабарлауынша, шеруге 3000-ға жуық адам жиналған. Нәтижесінде, орталық алаң арқылы өтетін 15 қоғамдық автобус бағытын тоқтатқан. Акция барысында наразылар Монғол Парламенті депутаттарын Моңғолия үкіметін отставкаға жіберуге шақырды.
Әлеуметтік желідегі түрлі бейнежазбалардан наразылық білдірушілердің үкімет ғимаратына басып кіруге әрекеттенгенін, бірақ оларды тәртіп сақшылары тоқтатқанын көруге болады.
Шерушілер алаңға «Үкімет отставкаға кетсін!» деген жазуы бар плакатпен шықты.
News.mn агенттігінің хазуынша, жергілікті билік шеруді өткізуге тек сағат 17:00-ге дейін ғана рұқсат берген. Алайда, наарзылық кешегі күннің өзінде кем дегенде он сағатқа созылған.
Жергілікті Telegram-арналарының бірінің жазуынша, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен наразылықтар кем дегенде 22 қаңтарға дейін жалғасуы мүмкін.
Соңғы сағаттарда әлеуметтік желілерде жергілікті полиция мен әскерилердің халыққа қарсы шығудан бас тартқан видеолры пайда болды. Олар, өздеріне билік тарапынан халықты тыныштандыру үшін берліген кейбір бұйрықтардан бас тартқан. Осыған қарағанда елде кешелі бері болып жатқан шерудің аяғы біраз текетіреске жалғасатын секілді.
Айта кетейік, бұл елде 2022 жылдың желтоқсанында да осындай жаппай наразылықтар өткен болатын. Жиналған жұрт Қытайға экспортталған 12 миллиард долларлық көмірді ұрлағандарды тауып, әділ жазалауды талап еткен. Сноымен қатар оған жол берген сол кездегі ел Үкіметтің отставкаға кетуін сұраған. Қақтығыс салдарынан бірнеше қауіпсіздік күштерінің өкілдері мен бейбіт тұрғындар жарақат алған.