Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Аса ірі көлемде алаяқтық істеді деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының жетекшісі, ерікті Перизат Қайратқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатын шешім шықты, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. 
Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 
2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті П.Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.  Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П.Қайрат–қа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды,- делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.
Айта кетеәк осыған дейін ҚМА оған қатысты тағы бір қылмыстық эпизод ашылғанын хабарлаған болатын.