Бастапқыда ұйымдастырушылар жариялаған кестеде 72 медальмен Қырғызстан көш бастап, Қазақстан екінші орында тұрған еді
Алайда, Қазақстан тарапы бұл цифрлармен келіспей, бірінші орында екенін бірден мәлімдеген болатын.
Марапаттарды қайта есептеуден кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан бірінші орынға шықты.
Қайта есептеу себебі: Алшақтық үш қазақстандық спортшының медальдарын есепке алу тәртібіне байланысты туындаған. Ұйымдастыру комитеті олардың әрқайсысының марапатын жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Соңғы нәтиже бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орынға көтерілді,-делінген ақпаратта.
Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов қазақстандық тарапты жеңісімен ресми түрде құттықтады.
Алагөзов Ойындардың басты мәні медальдар есебінде емес, өзара құрмет пен адал спорттық бәсекелестік атмосферасын нығайтуда екенін де атап өтті.
