Жас жігіт некесі қиылған күні кісі қолынан қаза тапты

22 жастағы  жігітті Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде өлтіріп кеткен. Марқұм сол күні ғана отау құрып некесін қидырған,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.    

Қаралы оқтиғаны жергілікті полиция да растап, пікір білдірді.

 12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қақтығысқа қатысушылардың барлығы да анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл фактілер бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізіледі деп сендіреміз. », — деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақтияр Өтекин.

Сонымен қатар ол тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында екенін жеткізді.

Фото: Видео кадрдан алынды.