Алматыда өткен «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы аясында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Еркін сөз – 2024» және әлеуметтік мәселелерге қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері арасындағы «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
«Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен «Еркін сөз» -2024 байқауының «Үздік телесюжет» аталымы бойынша бас жүлдесін КТК арнасының тілшісі Ұлан Нұрахмет, «Үздік мақала» аталымын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі- Елігімай Төңкер, «Сайттағы үздік мақала» аталымын atrpress.kz сайтының тілшісі Амандық Сағынтайұлы жеңіп алды. Жеңімпаздар диплом, статуетка және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды. Байқаудың Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлық – Әділет Амангелді, Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық – Бағлан Тұрғанбек, Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық – Эльмира Жүрсінбекқызы және – Айнұр Сыдықова атындағы сыйлық – Мерей Алайдарға табысталды.
Сондай ақ «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының бас жүлдесін Жанаргүл Қадырова енщіледі. Жүлде иесіне ноутбук, ал екінші орынға лайық деп танылған, қызылордалық белгілі журналист – Нұрбек Дәуренбековке соңғы үлгідегі ұялы телефон бұйырды.