Ақтөбе қаласында жергілікті тәртіп сақшылары шетелдік нөмірі бар көлік мінген ер адамның бірнеше мәрте жылдамдықты асырғанын байқаған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады.
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрады. Көлік арнайы тұраққа қойылды,- деп жазды декеккөз.
Сонымен қатар, полиция азаматтарға шетелдік нөмір таққан көлікпен жүрсе жазадан құтылады, деген ойда болмауларын ескертті.
Шетелдік нөмірі бар кейбір жүргізушілер жазадан құтыламыз деп үміттенеді, алайда полиция мұндай ереже бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады,- дейді тәртіп сақшылары.