Халықаралық алма күніне орай «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Мерекелік шараға жиналған көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды.
Бүгінгі күннің ерекшелігі барлық тағам алма жемісінен дайындалды. Бәрі табиғи өнім, ешқандай қоспасыз әзірледік. Мұнда алманың әр сортын қолдандық. Шырын да табиғи. Келушілерге бәрі тегін. 12 аспаздың қолынан шыққан дәм», — дейді аспаз Толқын Ражан.
Аспаздар алманы қолданып бар түрлі инсталляциялар жасады. Сондай-ақ Алматы қаласының тарихы мен оның алмамен байланысын баяндайтын кездесулер ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Журналистерге Алматының керемет табиғат аясында орналасқан бес жұлдызды шипажайдың заманауи талапқа сай жабдықталған барлық мүмкіндіктері таныстырылды.
Айта кетейік шипажайда бұл шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдаструшылар аталған шараны жылда дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырғандарын айтады.
Набира Алманова