ақпарат ағыны

Алматыда түрік киноларының апталығы өтуде

Алматыда Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерел Дүшүндже» қорының ұйытқы болуымен  «Түрік фильмдері апталығы» басталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.   

Бұл туралы «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мәлімдеді.

Осымен 9-рет ұйымдастырылған шара шеңберінде алматылық көрермендер 5-9 қазан аралығында «Esantay Mall – KinoPark 11 IMAX» кинотеатрында бірнеше түрік фильмін тегін тамашалай алады.

«Түрік фильмдері апталығының» салтанатты кешіне қатысқан  Түркия Республикасы Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлұ апталықтың негізгі мақсатына тоқталып өтті.

Апталықтың басты мақсаты — екі ел арасындағы мәдени байланыстар арқылы достық, бауырластық қарым-қатынасты нығайту. Түбі бір түркінің рухани құндылықтарын насихаттау. Аталған апталықты ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, көрермендерді фильмдерді тамашалауға шақырамын, — деді дипломат.

«Йерел дүшүндже» қорының жетекшісі Метин Гүнгөрен апталыққа әр жанрда түрлі фильм ұсынылатынын айтты

Кішкентай көрермендерге «Рафадан тайфа» анимациялық фильмімен қатар патриоттық сезім, ғашықтық сезім, қаһармандыққа үндейтін туындыларды әкелдік. Бүгінгі салтанатты кеште ғасырлық тарихы бар Түркия Республикасын құрған Мұстафа Кемал Ататүріктің мемлекетті құрардан 1 күн бұрынғы өмірін бейнелейтін «Соңғы кешкі ас» фильмін тамашалайсыздар деді ол.

Мәдени шара үшін Түркиядан арнайы келген түрік өнерпаздар Онур Туна мен Пелин Акин Алтан өздерінің Қазақстанға алғаш келгендерін, жасыл желекке оранған Алматының кең көшелері мен ескерткіштері қатты ұнағанын айтты:

Әр көшеде орналасқан ескерткіштер сіздердің өнер мен мәдениетке қаншалықты көңіл бөлетіндіктеріңізді көрсетсе керек. Бауырлас халықпыз. Қазақтардың Ататүріктің жақсы көретінін айтты. Ататүріктің ұрпағымыз, мен басты рөлде ойнайтын бүгінгі «Соңғы кешкі ас» қазақ көрермендерге ұнайтынына сенімдіміз,- деп атап өтті түркиялық өнер иелері.

Салтанатты кеште түрік өнерпаздар мен продюсерлерге қазақы шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Түркиядан келген қонақтар:

Бирол Гювен – Т.Р. Мәдениет және туризм министрлігі киноның бас директоры.

Кемал Үйсал – баспасөз хатшысы. Мәдениет және туризм министрлігі Бас директордың кинематография жөніндегі орынбасары.

Метин Гүндогду — Әділет және даму партиясының Орду депутаты (26-27 мерзім)

«Йерел дүшүндже» қорының төрағасы.

Өнер ҚЫЛЫЧ – Түрік фильмдері апталығының директоры – бас координаторы.

Исмаил Фидан – «Рафадан Тайфа» – Хайриматор – Продюсер

Ахмет Селим Тунсер – «Соңғы кешкі ас» – Продюсер.

Онур Туна — «Соңғы кешкі ас» — актер

Пелин Акил Алтан — «Соңғы кешкі ас» — актриса.

Ғалип Гунер – «Түн хоры» – Продюсер.

Дуйгу Мерджан – «Түн хоры» – актриса.

Мустафа Джихат Дурмуш – «Нефес Ер Экси Ики» – Продюсер.

Али Кантурвардар — «Нефес Ер Экси Ики» – Продюсер.

Озан Узуноглу – «Нефес Ер Экси Ики» – Директор.

Фатих Османлы – «Османның жаратылуы» сериалы – актер.

Бурхан Доған – «Бейбіт өмір» – Продюсер.

Гамзе Нұр Асланпай – «Бейбіт өмір» – Продюсер.