Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туымызды көтеріп шығу мәртебесіне ие болған Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде жолы болмады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Jurtmedia. kz ақпараттық порталы.
Ол белгіленген межен 23,58 cекундта жүгіріп өтіп, мәреге соңғы болып жетті. Бұл жарысқа шарт бойынша жеті-ақ спортшы қатысады.
Алайда оның жұбаныш кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтуге тағы да бір мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында көк туымызды Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова көтеріп шыққан еді. Шымбергенов болса 4/1 финалдық кездесуде жеңіліс тауып елге қайтқан болатын.
Фото: olympic.kz