Садыр Жапаровтың бауыры қамауға алынды

Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров тағы да қамауға алынды, деп хабарлайды  Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Президенттің ағасының ұлы Ұлан Жапаров жәбірленушіден облыстардың бірінде Қырғызстан Республикасы Президентінің өкілетті өкілі лауазымына орналастыруға уәде беріп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда, ол  берген уәдесін орындамаған.

Оны Қырғыздың Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған.

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты 2024 жылғы 21 маусымдағы сот қаулысымен Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады. Чот шешімімен Ж.У.Р-ға қатысты 2024 жылдың 19 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр,-деп жазды жергілікті Cactus media порталы.

Еске салайық, Ұлан Жапаров бұған дейін де Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Істі Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметі тергеп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда біраз уақыттан кейін ол қамаудан босатылды.