ақпарат ағыны

Ақтөбеде мектеп директорларынан пара алған Білім бөлімінің басшысы ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Күдікті өзі басқаратын аудандық білім бөліміне қарасты мектеп, балабақшалар мен қатар өзге де ұйымдардың басшыларынан тұрақты түрде пара алып отырған.

Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр, — деп жазды Антикордың  баспасөз қызметі.

Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.

Құзырлы мекеменің жазуынша Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Ашық дереккөзден