Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Түркістан облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. ,- деп жазды жергілікті ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.
Фото: www.istockphoto.com