Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы мемлекеттен субсидия алу үшін жалған ақпаратпен құжат дайындаған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі баспсөз қызметі мәлімдеді.
Ол аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған. Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан, — деп жазды дереккөз.
Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Фото: ашық дереккөзден