Түркияның Эгей аймағындағы тағамдары құнарлы Эгей теңізіне тән ерекшеліктерден тұрады, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Айвалыктан Алачатыға және Бодрумнан Датчаға дейін Эгей теңізінің жағалауындағы қалалардағы мейрамханалар балықтың сан алуан түрін, теңіз жәндіктері, атап айтқанда, устрица, сегізаяқ, кальмар және асшаяндарды қоса алғанда, ең дәмді теңіз өнімдерін ұсынады. Сегізаяқ пен кальмардан жасалған тағамдар, асшаяндардан жасалған тіскебасарлар мен маусымда ең жиі тасырыс берілетін грильдегі балықтар кешкі асыңызды ұмытылмас етеді.
Егер Сіз Түркияға жолыңыз түсіп жатса, Эгей теңізінің ерекше балықтарының дәмін татып кетуді жоспарға кіргізіп қойыңыз. Өкінбейсіз..