2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі әділетсіз қызметкерлердің жалған деректер енгізіп, заңсыз құжаттар беруге жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берілгені әшкереленді, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Заңсыздықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторинг нәтижелері кезінде анықталды.
Тексеріс кезінде автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру факторлары әшкереленді. Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді. Уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізіліп, олардың бір бөлігі іске асырылды,- деп жазды дереккөз.
Сонымен қатар ведомство жүргізген монитортнг кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының заңсыз әректтері есебінен бюджетке 9 есе аз төлем түскенін анықтаған.
2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды, -деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі.