Мәшһүр Жүсіп мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақстан ұсынған екі тарихи-мәдени мұра ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. Бұл туралы Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шешім 2026 жылғы 5 қарашада Индонезия астанасы Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының отырысында қабылданған. Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енгізілді.

Бұл шешім еліміздің тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды әлемге кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан үш мәдени мұра ЮНЕСКО тізіміне енгізуге ұсынылған болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика