Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Астанада 6 қарашада өтетін Ақаба процесінің халықаралық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекеттің басшылары Қазақстанға келді. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы Үкіметтің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін елордамызға келді.

Айта кетейік, алқалы жиынға Иордания Королі II Абдалла, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те бар.

Ақаба процесі — 2015 жылы Иордания Королі II Абдалланың бастамасымен құрылған халықаралық қауіпсіздік бастамасы. Оның негізгі мақсаты — терроризм мен экстремизмге, трансұлттық қылмысқа қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, барлау ақпараттарымен алмасу және бірлескен іс-қимылды үйлестіру.

Саммит барысында өңірлік қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ жасанды интеллект пен жаңа технологиялардан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, мұндай форматтағы жоғары деңгейдегі кездесу Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға әлем елдерінің және БҰҰ мен Интерпол секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысады деп күтілуде.

 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика