«Дабыл чемоданын» алыңыз: Министрлік биік үйде тұратын алматылықтарға ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі көпқабатты биік үйлерде тұратын алматылықтар жер сілікінісі болған жағдайда білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынды, деп хабарлады, Jurtmedia.kz

Олар:

🔺Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;

🔺Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;

🔺Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;

🔺Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);

🔺Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);

🔺Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

🔺Алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;

🔺Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;

🔺Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;

🔺Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.