Қалада қалың қардың еруі салдарынан көшелерді ішінара су басты, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында көрінеді.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір 2000 текше метр су шығарылды. Қала көшелерін жаңбыр мен еріген судан тазартуға 21 арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс толығымен аяқталғанша жалғасады.
Ведомстко өкілдері қалада арық жүйесінің жоқтығынан бұл оқиға маусымдық сипатқа ие дейді.
Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, қаладағы Осипенко және Тәттімбет Күйші көшелерінен су соруға ЖАО 2 АС машинасы, 1 тиегіші, 1 жүк аударғышы жұмылдырылған.
Жағдай ТЖМ бақылауында.
Бейбарыс ӨТЕЙ