«Жақсы болжам бар»: Вице-министр Майқайыңда құлаған автобусқа қатысты пікір айтты

Бүгін Мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысында жер астына құлаған автобусқа қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады Jurtmedia.kz 

Вице-министрінің айтуынша втобусты шығаруға опырылған жер учаскесі астында бос орын болуы кедергі келтіріп жатқан көрінеді.  Сонымен қатар ауа райының аяз болуы дда жұмысты қиындатып жатқанын айтты.

Егер енді топырақ жылжуы қайталанса, онда жұмыс істеп жатқан адамдар құлап кетуі мүмкін. Автобустың астында қанша бос орын бар екенін нақты білмейміз. Сондықтан біздің құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Әрине, барлық қауіпсіздік шарасы сақталған. Бүгінгі таңда автобус жатқан жердің маңайынан құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 2 мың текше метрден астам топырақ шығарылды. Біз кеше ғана 5 текше метрлік экскаваторға қол жеткізе алдық. Ол тоқтап тұрып сол жерден топырақты шығара алады», — деді Сыздықов.

Сонымен қатар вице-министр журналистердің «адамдарды тірідей құтқару мүмкін бе»?,-  деген сұрағына жауап берді.

 Жақсы болжам бар. Бірақ біз нақты күні мен уақытын айта алмаймыз, өйткені жағдай қиын, арнайы шара жан-жақты жүріп жатыр. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік. Мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. Қазақстанда бірінші рет болып тұр», — деді ол. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ведомство автобусты құтқару үшін басқа елдерден көмек сұрамаған.