Ілияс Жансүгіровтің қызы өмірден өтті

Жазушы ақын, қоғам қайраткері 1937 жылғы Сталиндік репрессия құрбаны Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Жандосова-Жансүгірова 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Бұл туралы оның қызы, қоғам белсендісі Жанар Жандосова жазды. Оның хабарлауынша асылдың сынығы кеше дүниеден өткен.

14 қаңтарда 89 жасқа қараған шағында азаматтық ұстанымы бар тұлға, ұлағатты ұстаз, қуғын-сүргінге ұшыраған ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жары Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова дүниеден өтті., — деп жазды Жанар Жандосова әлеуметтік желіде.

Ол анасының 1999 жылдан бастап әкесі Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитовалардың шығармаларын зерттеу, басып шығару және аудару, мұрағат ісімен айналысатын, Ілияс Жансүгіров атындағы қоғамдық қорды құрып, басқарғанын жазды. Ильфа Ілиясқызы  «Менің тағдырымдағы із» атты естеліктер кітабын жазды.

Ильфа Ілиясқызы соңғы уақытқа дейін Қазақстанның азаматтық қозғалысын белсенді түрде қолдап келді, — деп жазды марқұмның қызы анасы жайлы.