Отандық жөргектер 2 мың теңгеден сатылып жатыр

Отандық «Мама знает» брендімен шығарылатын балалар жөргектері Қытайдың Pinduoduo маркетплейсінде шамамен 2 мың теңгеден сатылып жатыр. Алайда компания бұл өнімдердің түпнұсқа емес екенін айтып, платформаға шағым жолдаған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Компания мәліметінше, өзі де, Қытайдағы өндіруші мен серіктестері де Pinduoduo-ға өнім жеткізбейді. Бренд өкілдері маркетплейстен жөргек сатып алып, өз өнімдерімен салыстырған. Нәтижесінде сатылымдағы тауардың түпнұсқа емес екенін мәлімдеген.

Компания жөргектерді Қытайда өз тапсырысымен өндіртіп, Қазақстанға өзі импорттайтынын атап өтті. Ал маркетплейстегі өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын ескертті.

Айта кетейік, Pinduoduo платформасында бір қаптама жөргек шамамен 2 мың теңгеден сатылса, Қазақстандағы бағасы 4-6 мың теңге аралығында. Шетелдік маркетплейстердегі арзан баға соңғы уақытта отандық тұтынушылар арасында қызу талқыланып жүр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика