Желтоқсан айындағы мерекелер мен Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты елімізде үш қосымша пойыз іске қосылады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Қосымша пойыздар Алматы – Астана, Астана – Шымкент және Ақтөбе – Астана бағыттары бойынша қатынайды. Бұл жолаушылар көп жүретін бағыттардағы тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Пойыздардың жүру кестесі төмендегідей:
— №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
Астанадан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
— №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»
Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
Шымкенттен: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
— №205/206 «Ақтөбе – Астана-1»
Ақтөбеден: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
Астанадан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
Қосымша пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады. Билеттерді «Қазақстан темір жолы» компаниясының ресми сайтынан сатып алуға болады.
