Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлады, Jurtmedia.kz
Оқу орнынының Бас корпусының алдына қойылған экс-президенттің ескеркішінң алынып тасталғандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Еліміздің Қорғаныс министрлігі ескерткіштің алынып тасталғанын растады. Олардың айтуынша ескерткіш бұл күнде қоймаға уақытша орналастырылған.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен “тұңғыш президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті” атауы “ҚР Ұлттық қорғаныс университеті” болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі, – делінген ведомство берген жауапта.
Оқу орнының алдындағы ескерткіш 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған болатын.
Аталған оқу орны 2003 жылы сол кездегі Мемлекет басшысының жарлығымен бұрынғы Алматы әскери академиясының негізінде қайта құрылып, Ұлттық қорғаныс университеті деп аталған болатын. Артынша оған Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.
Айта кетейік, бұл еліміздегі алынып тасталған Назарбаевтың екінші ескерткіші. Біріншісі Талдықорған қаласындағы облыс әкімдігі ғимаратының маңында орналасқан ескерткіш. Оны 2022 жылы әйгілі Қаңтар оқиғасы кезінде алаңға шыққан наразы топ алып тастаған болатын. Одан кейін ол ескерткішті қайта қалпына келтіру туралы әңгіме қозғалған жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден