Арабияға күн сайын тікелей әуе рейсі қатынайтын болды

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға келісті, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты.  
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді , – делінген ведомство таратқан ақпаратта  

Дереккөз таратқан мәліметке сәйкес, елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.