«Қазақфильмнен» 400 млн теңге ұрланғаны анықталды

Алматы қаласының прокуратурасы  Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатынан аса ірі көлемде ақша ұрланғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Прокуратура «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысын жариялады.

Тексеру нәтижесінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Анықталған дәйек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.  Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді  Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр, — деп жазды қадағалаушы органның баспасөз қызметі.