Шавкот Рахмонов қарсыласын қылқындырып тастады

Отандасымыз Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Жерлесіміз американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) жекпе-жекке шықты. Нәтижесінде қарсыласын тұншықтыру әдісімен үшінші раундта  жеңді.

 Айта кетейік Осылайша Шавкат Рахмонов бүгін кәсіпқой маңсабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. ол бұған дейін бірде – бір рет жеңіліс дәмін татқан жоқ.

Ал Джефф Нил болса, осымен  бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Кезекті жеңісаінен кейін сұхбат берген Шавкат алдағы уақытта Леон Эдвардс – Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жектің  жеңгенімен бақ сынасқысы келетіні айтты.

Сонымен қатар ол: “Жеңіс құтты болсын Қазақ елі! Бұл Жеңісімді Тәуелсіздік күніне арнаймын!, – деді.

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз