Алматыда жол құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласында автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау дерегі анықталды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қала прокуратурасының мәліметінше, Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген әрі іске асыруға жарамсыз жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлеген.

Сонымен қатар тапсырыс беруші шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге қатысты 27 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.

Осыған байланысты прокуратура лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеуді Алматы қаласы ҰҚКД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика