Димаштың құрметіне Мексикада мурал салынды

Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің бейнесі бейнеленген мурал пайда болды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ерекше туындыны жергілікті жанкүйерлер әншіге деген құрметтің белгісі ретінде салдырған.

Муралды жасау бастамасын Монтеррейдегі Dimash&DearsRegiasMty фан-клубы көтерген. Ал туындыны мексикалық суретші Antonio Art Mural орындаған.

Жанкүйерлердің айтуынша, бұл бастама арқылы олар Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген ықыласын білдіріп қана қоймай, Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты нығайтуды мақсат еткен.

Айта кетейік, муралдың пайда болуы кездейсоқ емес. Ол Димаш Құдайбергеннің 14 қарашада Монтеррей қаласында өтетін DIMASH-тың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында салынды.

Осылайша, мексикалық жанкүйерлер қазақстандық әншіні ерекше тосынсыймен қарсы алып, оның өнеріне деген құрметін қала кеңістігінде мәңгілік бейнеге айналдырды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика