Қазақстан кубогы кімге бұйырды?

«Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы биылғы Қазақстан кубогының иегері атанды. Финалдық кездесуде команда Қызылорданың «Қайсар» клубын 4:1 есебімен жеңді», деп хабарлайды  Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

7 қарашада өткен шешуші ойында шымкенттік клуб алғашқы минуттардан бастап басымдық танытты. Кездесудің 7-минутында Сұлтанбек Астанов есеп ашса, 41-минутта Берн Йонсен командасының басымдығын еселей түсті. Екінші таймда Давид Абагна (60-минут) мен Эльхан Астанов (71-минут) тағы екі гол соқты. Ал «Қайсар» сапынан Агостиньо Магальяеш 84-минутта бір голмен жауап қайтарды.

Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, клуб тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын иеленді. Бұған дейін шымкенттік команда бұл трофейді 2011 және 2022 жылдары жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, «Ордабасы» биыл Қазақстан чемпионатында да топ жарып, маусымды екі бірдей ірі жүлдемен аяқтады. Бұл нәтиже шымкенттік клуб үшін тарихи жетістік болды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика