Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айнұр Әбдірахманова бұған дейін 2024 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарған.
Ал 2022 жылдан бастап аталған министрліктің бір департаменті директорының орынбасары лауазымында еңбек еткен.
Сондай-ақ 2020 жылдан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да басқарма басшысы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.
