Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Асқар Омаров, Президент Өкімімен қызметінен босатылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Оның орнына Қанат Құлшыманов тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.

Қанат Құлшыманов 1987 жылғы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітіріп, 2008 жылы бакалавр, 2010 жылы магистр дәрежесін алған. Философия докторы (PhD).
Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» АҚ саяси және құқықтық ақпарат секторының тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары «Қазконтент» АҚ ақпарат агенттігінде журналист, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Премьер-министрдің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.
2025 жылғы 11 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика