Залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz
Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында бөлінген қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Қаражат 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған. Тексеріс нәтижесінде расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңге екені белгілі болды.
Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстың барлық мән-жайлары мен залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынды.