Алматыдағы Түрксіб ауданындағы шағын азық-түлік дүкендерінің бірінде екі ағайынды мен дүкен қызметкері арасында пайда болған жанжалдың соңы төбелеске ұласқан,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мегаполистің Полиция департаментінің мәліметінше жанжалға қатысушылардың бірі қарсыласына кеуде тұсынан үшкір зат тығып алған.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Учаскелік полиция инспекторы жанжалға қатысушыларды жедел ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған дәйек бойынша қылмыстық іс қозғалды,-делінген Алматы ПД берген ақпаратта.
Сонымен қатар полиция қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқандығын, әр қатысушының әрекеті мен оқиғадағы рөліне құқықтық баға берілетінін атап өтті.
