Өкпелесең көшіп кет: Бұрынғы Қорғаныс министрі жауапты қызметке тұрды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратына жаңа кадрлар тағайындалды. Олардың ішінде бұрынғы Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов та бар,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды,-делінген дереккөз берген ақпаратта. 

Айта кетейік Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтардан осы жылдың  8 маусымына дейін Қорғаныс министрі болған еді.  Ол ел есінде журналистерге қарата айтқан, «Өкпелесең көшіп кет», -деген сөзімен көбірек қалды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика