Бір депутатқа 155,3 млн теңге: Құрылтайдың бір жылдық шығыны жарияланды

2027 жылы құрылтайдың бір депутатына орта есеппен 155,3 млн теңге бюджет қаражаты жоспарланған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Дереккөздің жазуынша, жаңадан құрылған Құрылтайға республикалық бюджеттен 2027 жылға — 22,53 млрд теңге, 2028 жылға — 22,85 млрд теңге (алдағы уақытта қосымша нақтылануы мүмкін) және 2029 жылға 22,79 млрд теңге қарастырылған.

Бұл — құрылтай қызметін қамтамасыз етуге арналған барлық қызметтерді, соның ішінде коммуналдық төлемдерді, көмекшілердің шығындарын, кеңсе тауарларын, депутаттардың тұратын жерін және т.б. қамтуға жұмсалатын соманың көлемі.

Сарапшы бұрынғы екі палаталы Парламент  шығындары үшін 2026 жылға 31,96 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бірақ ол кезде мәжілісмендер саны — 98, ал сенаторлар саны 50 еді, сондай-ақ әр палатаның өзінің әкімшілік аппараты жұмыс істеді.

Сонымен қатар жақында құрылғалы отырған Қазақстан Халық Кеңесі бюджетке айтарлықтай арзанырақ түсетін көрінеді. Оның қызметін қамтамасыз етуге бары-жоғы 1,76 млрд теңге қарастырылып отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика