Ол бұған дейін де 2019-2023 жылдары да осы ведомствоға басшылық еткен болатын, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бүгін Президент жарлығымен еліміздің сыртқы саясатына жауапты министр болып қайта тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік ол бұған дейін Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.
