Қайтарылған активтердің соммасы 1 триллион теңгеден асты

Бұл қаражат мектептер, ауруханалар, спорттық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталып жатыр,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бас Прокуратура мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары мемлекет меншігіне 1 триллион теңгеден астам қаражатты қайтарғанын атап өтті.

Мәселен, көлік саласында 40 миллиард теңгеден астам сомаға 6 ірі жоба іске асырылуда. Олардың үшеуі аяқталды. Осындай жобалардың бірі – Павлодар әуежайын қайта жаңарту. Әуежайдың жағдайы ұзақ уақыт бойы өңірдің әуе қатынасын шектеп келген. Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды. Енді әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200ден 300 жолаушыға дейін артты,-делінген дереккөз берген ақпаратта. 

Сонымен қатар жақында іске қосылған Арқалық әуежайы да осы қаражаттың есебінен қайта пайдалануға берілген.

30 жылдан астам уақыт бойы қала мен маңайдағы аудандардың тұрғындары тұрақты әуе қатынасына қол жеткізе алмаған. Ағымдағы жылғы 22 тамызда қайтарылған активтер есебінен жаңа терминал құрылысы мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы 1 маусымда жыл сайын мыңдаған тұрғындар мен туристер пайдаланатын Балқаш әуежайы пайдалануға берілді,-деп жазды прокуратура. 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика