Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Polisia.kz. сайты жазды.
Тексеру барысында көліктен салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Жергілікті ПД өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайтындығын атап өтті.
Фот: дереккөзден
